Көшербаев пен Әйтімоваға «БҚО-ның құрметті азаматы» атағы берілді

Бүгін БҚО мәслихатының 17-сессиясы болып, онда Қырымбек Көшербаев пен Бірғаным Әйтімоваға «БҚО-ның құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Сессияға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекет және қоғам қайраткерлері Қырымбек Көшербаев пен Бірғаным Әйтімованың елімізге, Батыс Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегін атап көрсетті. Қырымбек Елеуұлы 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысына басшылық етіп, өңірді түлету, Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында көптеген жұмыстарды атқарды. 2013 жылдан бері Қызылорда облысын басқарып келеді. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, осында еңбек жолын бастаған Бірғаным Сарықызының да қайраткерлік қыры көпке мәлім. Елде басшылық қызметтерде болумен бірге Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды. Қазір Сенат депутаты. Сессияда сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде 5-шағынаудандағы жаңа алаңға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атауы, аталмыш шағынауданға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің есімі берілді. Оған қоса Деркөл ауылындағы шағынаудандар «Көкжиек», «Сарыарқа», қаладағы жөндеу зауыты ауданындағы сквер «Чернобыль апатының салдарын жоюшылар» атауын алды. Оралдағы 83 көшеге жаңа атау берілді. Ақжайық ауданындағы Первомай ауылын — Қабыршақты, Сырымдағы Бірінші Майды Саралжын деп атау жөнінде де шешім қабылданды.

inform.kz

Comments are closed.

микро займ на карту