- Advertisement -

Жұлдызың жансын, Мөлдір!

455

- Advertisement -

Бүгінде қай ақынның қандай өлең жазып жүргенін интернеттен біліп отыратын болдық. «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тамаша жырларымен тамсандырып, оқырман­дарының ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас таланттардың бірі – жамбылдық Мөлдір Райымбекова. Оның өлеңдеріне көптеген пікірлер жазылып, ұнату белгісі қойылып жатады. Мөлдірдің мөлдіреген жырларын мен де тұрақты оқып отырамын. Ақын қарындасыма сәт сапар тілеп, жұлдызың жарық болсын дегім келеді. Мөлдірге арнап жазған бірнеше сонеттерімнің бірін назарларыңызға ұсынамын.

Қара шашын сипап майда жел жібек,
Отыр, міне, Мөлдір ақын мөлдіреп.
Шығар ертең Парнас тауы шыңына,
Қолда қалам, жыр жалауы желбіреп.

Назарымнан тыс қалдырсам ұят-ты,
Айналайын кенже қызым сияқты.
Өлеңдерін оқып жүрем сүйсініп,
Сіміргендей балдай қымыз, шұбатты.

Шерткен сыры бұлақтай-ау, мөп-мөлдір,
Жырларында бар табиғат, көктем жүр.
Мұңайғанда жадыратар жаныңды,
Жақсы өлең де құйылғандай көктен нұр.

Тараздықтар нәзік гүлдей үпілеп,
Қосқан қызы жыр бәйгеге үкілеп!

Жұма-Назар Сомжүрек,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Астана қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support