- Advertisement -

Н. Назарбаев Қытайда ШЫҰ саммитіне қатысады

123

- Advertisement -

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Қытайға мемлекеттік сапармен барады деп хабарлады Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лу Канг. Назарбаев 6-10 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының кезекті кездесуіне қатысады. Кездесуге Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков де қатысады деп жоспарланған.

Лу Кангтің айтуынша, Иран президенті Хассан Роухани жиынға бақылаушы ретінде қатысады.

ШЫҰ 2001 жылы Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстанның бастамасымен құрылған. 2017 жылы маусымда Астанада өткен ШЫҰ саммитінде ұйымға Үндістан мен Пәкістан қосылған. Иран да ұйымға тұрақты мүше болып қосылуға ниетті.

Дереккөз: Zhasalash.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support