- Advertisement -

Айдын шалқар тұнығым

254

- Advertisement -

Аспанда – ай, жерде – гүлсің, ән маған,
Бас иеді бір өзіңе бар ғалам.
Бала үшін бар бақытын беретін,
Неткен жүрек, мол мейірім, таңғалам!

Мөп-мөлдірім, үстем болсын мерейің,
Жырымменен шуағымды төгейін.
Махаббатың еш өлшеммен өлшенбес,
Жердегі хақ Тәңіріме теңейін.

Желбіреген бала едім тұлымым,
Бүгінде, ана, жайқалған бір гүліңмін.
Бала – аққу әр кез көлін аңсайтын,
Асыл анам – айдын шалқар тұнығым.

Құшағыңыз жылуы мол кең неткен,
Әлдилеген жан баласын жөргектен.
Аналарға қандай арнау айтсам да аз,
Бар әлемді даналықпен тербеткен.

Анелия ӘБДІМӘЛІК,
Назарбаев зияткерлік
мектебінің оқушысы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support