- Advertisement -

Езутартар

675

- Advertisement -

Базардан сатып ал!

Хирург сырқатқа:
– Сіз бізді кешіріңіз, адам қатесіз болмас дегендей… Сізге екінші рет ота жасауға тура келіп тұр.
– Не үшін?
– Соқырішегіңізді алған кезде қолғабымыз ішіңізде қалып кетіпті.
– Ой, соны да сөз қылып… Мə, 5000 теңге, базардан таңдаған қолғабыңды сатып ал!

«Менің киімім емес…»

Балабақшада тәрбиешi бiр кiшкентай қыздың киiмдерiн ұзақ күйбеңдеп, әрең дегенде киiндiредi. Әйтеуiр болдым-ау деп тұрғанда әлгi қыз:
– Бұл менiң киiмiм емес, – дейдi.
Тәрбиешi ауыр күрсініп алып, амалсыз қайта шешiндiредi. Шаршап шалдығып шешiндiрдiм-ау деп тұрса әлгi қыз:
– Бұл менiң әпкемдiкi, оған сыймай қалған соң анам маған кигiзiп жiберген, – дептi.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support