- Advertisement -

«Астана – арман қала Арқадағы, Абыройы әлемде артады әлі»

191

- Advertisement -

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық « » газеті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесе қолға алған «Арқа төсіндегі арман қала» атты газет-айтыс шешуші кезеңге келіп жетті.
Газетіміздің 17 мамыр күнгі санында жуалылық жас талант Қанат Мырзахан екінші кезеңді түйіндеген болатын. Бүгін оның қарсыласы, Жамбыл ауданының үкілеген үміті Нұрлыбек Құрманов соңғы рет сөз алып, айтысты аяқтамақ. Ал газетіміздің келесі аптадағы сандарының бірінде Нұрлыбектің қарсыласы Қанат Мырзахан сөз сайысын қорытындылайды.
Ендеше ақындарымызға сәттілік серік болсын дейміз!

Нұрлыбек Құрманов:

(Қанат Мырзаханға жауап)

Тапсырма беріп, артып зордай міндет,
Отырсың: «Ел мұңын айт, зарлай біл!» – деп.
Мұқаң айтқан «Менің де бар қайғым» деп,
Елге бірақ шаттықты арнаймын деп.

Айтыскерді «оратор» дей саласың,
Бағынбаса ұйқастың кей саласы.
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы».

Жаманды алтын берсең мақтамаймын,
Жақсыны бас кессе де даттамаймын.
Білек сыбанып, қала үшін терін төккен,
Әкімді мен не үшін ақтамаймын?!

Шатпақ деп өлеңімді сынағаның,
Сөзіңнің құптамаймын, сірә, мәнін.
Одағай ой айтпайық оразада,
Барлық ақын – баласы бір ананың.

Қанат достың көңілі қара қазан,
Болмасын деп айтайын жарамазан,
Қасиетті оразада келісе ме,
Досыма иілуге жарамасам.

Қаракөз балаларға қалам толсын,
Төрт түлік малға Жамбыл далам толсын!
«Aq jol»-ды оқымаса әр қазаққа,
Ас батпай тұратындай заман болсын!

Қолынан Айша қыздың жүзік алған,
Таразда Қараханның ізі қалған.
Астанаға жол тартсаң сағым болып,
Қол бұлғап шақырады Қызыр алдан.

Астана – арман қала Арқадағы,
Абыройы әлемде артады әлі.
Көзім түссе жүрегім шым ететін,
Дүниежүзілік зор картадағы.

Мақтайтын азаматтар көп болсыншы,
Көңілі халықтың да тоқ болсыншы,
Алтын тәж киген патша Астанаға,
Алашымның өкпесі жоқ болсыншы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support