- Advertisement -

Театрдың ғажайып әлемін паш етті

243

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің облыстық фестиваль-байқауы өтті.
Байқауға он шығармашылық ұжым қатысып, бақ сынады. Олардың өнерге деген құлшыныстарына тәнті болдық. Алайда жарыста жүзден жүйріктің озатыны белгілі. Атап айтқанда Қордай ауданының «Қордай» халық театр ұжымы «Ант» драмалық қойылымын қойып, жүлделі бірінші орынды иеленсе, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Жалынды жастар» театр ұжымы «Тастандылар» және Сарысу ауданының «Жас талант» театр ұжымы «Керқұла атты Кендебай» шығармашылық қойылымдарын ұсынып, екінші орынды иеленді. Сондай-ақ мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының «Арлекин» қуыршақ театры, Байзақ аудандық «Шаңырақ» театры және Шу аудандық қуыршақ театры ұжымдары үшінші орынды өзара бөлісті.
Шара соңында мәдениет саласының ардагері Есілбек Бимырзаев пен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ұлан Абзалиев сөз сөйлеп, өнер ұжымдарының шығармаларына баға берді.
Жеңімпаз және жүлдегер әртістерді қазылар алқасының мүшелері, Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Зиба Құламанова марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Е.Жаңабайұлы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support