- Advertisement -

Әйелдер аламаны аяқталды

107

- Advertisement -

Елорда төрінде өткен бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Әр өңірдің кіл мықтылары бақ сынаған дода тартысқа толы жағдайда өтті. Боксшы қыздар барлық шайқаста жанкештілік танытты.
Ел чемпионатына аттанған жамбылдық арулар сапынан тек 48 килограмм салмақ дәрежесіндегі Алуа Балқыбекова ғана финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол алматылық Ақерке Құсайыновадан айласын асырған болатын. Өкінішке қарай, Алуа алтын жүлде үшін таласта ақмолалық Әйгерім Қасенаеваға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
64 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық екі боксшы қызға қола жүлде бұйырды. Жартылай финалға дейін жарқын мәнердегі жеңістерге қол жеткізген Сандуғаш Әбілхан қарағандылық Милана Сафроноваға есе жіберіп алса, Ләйлә Құсайынова ОҚО үміті Мадина Нұршаевадан айласын асыра алмады.
Жалпы Астана қаласында өткен Қазақстан біріншілігінде негізінен өз салмақтарының көшбасшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Ел чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support