- Advertisement -

Қыздар боксының жекпе-жегі қыза түсті

142

- Advertisement -

Елорда төрінде басталған бокстан арулар арасындағы Қазақстан чемпионаты қыза түсті. Жарыстың алғашқы күнінде жамбылдық бірнеше боксшы қыз шаршы алаңда бақ сынады. Алдымен 64 килограмм салмақ дәрежесіндегі Сандуғаш Әбілхан шаршы алаңға көтеріліп, алматылық Наталья Тарасенкодан айласын асырды. Сондай-ақ осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Ләйлә Құсайынова да бірінші кезеңнен сүрінбей өтті.
Доданың екінші күнінде 48 килограмм салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Алуа Балқыбекова ақмолалық Елдана Нұролламен қолғап түйістіріп, жеңімпаз атанды. Өкінішке қарай 54 килограмм салмақта топқа түскен Әйгерім Ошақбай ОҚО намысын қорғаған Аида Тұяқбайға жол берді. Сондай-ақ 81 килограмм салмақ дәрежесіндегі Юлдуз Маматкулованың да жолы болмады. Ол астаналық Алтын Мұқышпековадан ұтылып қалды.
Ел біріншілігінің үшінші күні сәтті бастала қойған жоқ. 57 килограмм салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген үкілі үмітіміз Ұлдана Нұрланова қостанайлық Владислава Кухтаға есе жіберіп алды. Бір қуаныштысы, 64 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Сандуғаш Әбілхан екінші кездесуінде де жеңіп, астаналық Аида Әбікееваны жарыс жолынан шығарып тастады. Осы салмақта бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Ләйлә Құсайынова да Сандуғаштың жетістігін қайталап, қостанайлық Дана Оспанованы жеңе білді.
Әр өңірдің кілең «сен тұр, мен атайын» деуге лайық мықтылары қатысып жатқан ел чемпионатының жеңімпаздары белгілі болатын сәт жақын. Ол туралы газетіміздің алдағы санында жазатын боламыз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support