- Advertisement -

Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы керек

105

- Advertisement -

Биыл алғашқы тоқсанның өзінде облыстық мемлекеттік органдар өңір тұрғындарына 2 миллионға жуық қызмет көрсеткен. Оның ішінде электронды форматта көрсетілген қызметтердің үлесі артқан. Нақтырақ айтсақ, есепті кезеңде ақпараттық жүйелер арқылы электронды нысанда көрсетілетін қызметтердің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 33,5 пайызға өсіпті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев осы және өзге де мәліметтермен бөлісіп, бірінші тоқсандағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ведомство басшысының айтуынша, қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтердің үлесі 56,7 пайызға төмендеген.
Департамент мамандары үш айда 13 тексеріс жүргізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама бұзушылықтың 470 фактісін анықтаған. Тиісінше, департамент ұсыныстары негізінде 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Жиында жаңа Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы сөз қозғаған Мақсұт Нәлібаев мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге баратынына қынжылыс білдірді. Расында, есептік кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестің екі отырысы өткізіліп, онда қаралған 15 мәселенің 8-і тәртіптік іс екені ойлантады.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы маңызды қадам екені белгілі. Біз өзімізге жүктелген бұл міндетті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген нормалар негізінде алдын алу сипатындағы кешенді шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырудамыз. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың алғашқы үш айында барлық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 73 мыңға жуық адамды қамтыған 1219 іс-шара өткіздік. Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Бұған дейін 5 сыртқы талдау жасалса, ол бойынша 14 ұсыныс мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданды, – деді Мақсұт Ыбырайханұлы.
Брифингте «Азаматтық бақылау картасы» және «Адал жол» жобалары туралы кеңінен айтылды. Тілшілер өз сауалдарының жауабын тапты.

Жанғазы АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support