- Advertisement -

«АЛТАЙ» МЕН «ТАРАЗ» ҰПАЙ БӨЛІСТІ

97

- Advertisement -

Бірінші лиганың жетінші туры аясында Өскеменнің «Алтай» командасына қарсы жасыл алаңға шыққан жамбылдық футболшылар қарсыластарымен тең түсті. Турдың орталық кездесуінде қос команда футболшылары гол соға алған жоқ.
Алма-кезек шабуылдармен өрбіген ойында футболшылардан гөрі қақпашылардың бәсі басым болды. Дегенмен ойынның екінші бөлігінде төреші екі бірдей «Тараз» футболшысын алаңнан қуды. Алдымен қақпашы Самат Отарбаев ойыннан шеттетілсе, артынша Бекзат Шадыманов қызыл қағаздың иесі атанды. Осылайша жарты сағат бойы 9 ойыншымен ойнаған жамбылдықтардың қақпасына алаң иелері гол соға алмай, қапы қалды.
Соңғы кездесулерде ұпай тарата бастаған «Тараз» футболшыларына ес жиятын сәт келді. Маусым басталмас бұрын премьер-лигаға қайта оралуды мақсат еткен жамбылдықтардың ойыны әзірге көңіл көншітер емес. Әйткенмен алдағы турларда «Тараз» футболшылары жеңісті жорықты қайта бастайды деген сенім бар. Жерлестеріміз бүгін «Ақтөбе Жас» командасын қабылдайды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support