- Advertisement -

ГОЛОВКИН ЕНДІ КІММЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ МҮМКІН?

123

- Advertisement -

Орта салмақ дәрежесі бойынша WBC, WBA (super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Калифорния штатына қарасты Карсон қаласындағы «StubHub Center» аренасында америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, қарсы­ласын екінші раундта сериялық соққылары арқылы нокаутпен жеңгені белгілі.
Аталмыш шайқаста Головкин өзіне тиесілі IBF белбеуінен басқа белдіктерінің барлығын қорғады. Халықаралық бокс федерациясы Генаға рұқсат бермеген еді. Тіпті осы жекпе-жектен соң украиналық міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен қолғап түйістіру міндеттелді. Әйткенмен Головкин Сергей Деревянченкоға қарсы шаршы алаңға шыға ма, әлде басқа қарсылас таңдай ма – ол жағы әзірге беймәлім. Головкин басқа боксшымен жұдырықтасқан жағдайда IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атағынан айырылуы да ықтимал.
Генаның командасы, әлбетте қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жекті өткізуді мақұл көреді. Тіпті тараптар келіссөзді бастауға әзір екендіктерін де айтып үлгерді. Әйткенмен кейбір дереккөздер Альварес Головкинмен жұдырықтаспас бұрын басқа боксшымен дене қыздыру жекпе-жегін өткізуі ықтимал дегенді алға тартады. Ендеше Гена келесі кездесуінде кіммен шығуы мүмкін? IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер Сергей Деревянченко, әлде WBC тұжырымы бойынша міндетті үміткер Джермалл Чарло лайықты қарсылас атана ма? Әзірге бәрі беймәлім. Ендеше әліптің артын бағайық. Бәлкім, Альварестің командасымен келісімге келіп қалар. Өйткені спорттан уақытша шеттетілген мексикалық күзде рингке оралуы тиіс. Жанкүйерлер осы шайқасты көргісі келеді…

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support