- Advertisement -

Үміт отын мейірімдерімен маздатқан

120

- Advertisement -

Тараз қаласындағы №5 емхана 63 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. 2001 жылы ашылып, 2011 жылы жаңа ғимаратқа көшірілген бұл мекемеге алғыс айтушылар көп. Бас дәрігер Динара Сәрсенова осындағы сан салалы жұмыстың үйлесімін тауып жүр.
90 дәрігер, 256 мейірбике еңбек ететін үлкен мекеменің тасын өрге домалату тәжірибелі басшының ғана қолынан келсе керек. Емхананың бас мейірбикесі Биғайша Қауызбаеваның да атқарып жүрген ісі ұшан-теңіз. Жақында денсаулық саласының үздік қызметкері атаныпты.
Мұндағы жалпы тәжірибелік дәрігерлік бөлімнің аға мейірбикесі Зағифа Жексембаева 30 жылдан бері осы саланың ыстық-суығына төзіп келеді. Тәжірибелі мейірбике Мәрзия Рәшеваның еңбек өтілі – 35 жыл. Бұл екеуі осы жылдар ішінде қанша мыңдаған адамның сырқатын емдеп, жазды десеңізші! Осы тәжірибелі мейірбикелерден Арайлым Жұмалы, Айтолқын Әбдірахманова, Сәуле Байшонова секілді жас мамандар тәрбие алып, шыңдалып келеді. Мұнда хирург, эндокринолог, терапевт дәрігерлерге көмекші болу оңай емес. Неврология, бастапқы емдеу бөлімдерінің де жұмыстары ауыр.
Күн-түн демей адам жанының арашашысы, денсаулықтың дәнекері болып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа не айтарсыз! Халықтың да оларға ілтипаты бөлек.
– Осы №5 емханада тіркеудемін. Мұндағы бас дәрігерден бастап, жас мейірбикелерге дейін, тіпті кіші қызметкерлерге дейін өте мейірімді. Әр емделушімен күліп сөйлесіп, пейілдерімен-ақ емдеп жібереді, – дейді ішкі істер саласының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тоқсанбай Аманов.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support