- Advertisement -

«Арай» жастар газетінің бас редакторы тағайындалды

373

- Advertisement -

Бүгін Жамбыл облыстық “Арай” газетінің Директоры-Бас редакторы қызметіне белгілі журналист Дәулет Төленді тағайындалды. Осы басылымда еңбек жолын бастаған Д. Төленді Тараз қалалық “Жамбыл Тараз” газетінде жауапты хатшы қызметінде жүргенде де біліктілігімен көзге түсті. Кейін “Арай” жастар газетінде бас редактордың орынбасары болып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне сүбелі үлес қосты. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының республикалық «Дала мен қала» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «Нұр-Медиа»  холдингінің Жамбыл облысы бойынша     меншікті тілшісі   болып еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінде маман, Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары қызметерін абыроймен атқарды. Бүгінге дейін Д. Төленды облыстық «Aq jol» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болып келген болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support