- Advertisement -

Отарда бұрын-соңды болмаған жауынгерлік шеру өтеді

149

- Advertisement -

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін мерекелеу шеңберінде Отар 40-шы әскери базасында жауынгерлік шеру өтеді. Осыған орай, әскери база аумағында ауқымды дайындық жүріп жатыр. Кеше шараның ойдағыдай өтуіне жауапты әскери қызметкерлер дайындық барысы туралы есеп беру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабы басшысының орынбасары Адылбек Алдабергенов, Әскери әуе күштерінің бас қолбасшысы Дәурен Қосанов, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Бектанов және «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дулат Адырбеков қатысты.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың берген мәліметіне сүйенсек, әскери шеруде Қарулы Күштердің заманауи техникалық жабдықталуы көрсетілмек. Оның ішінде шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірліктен аса қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік ұшу аппараты тартылған.
Ауқымды шараға қатысатын офицерлер мен жауынгерлер сәуір айының басынан Отар әскери базасына жиналып, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шеруде майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясы, С-295 су жаңа әскери-көлік ұшақтары мен Су-30 көп нысаналы жойғыштар өзінің мүмкіндігін паш етеді. Одан басқа, аумақтық қорғаныс әскерлеріне алғаш рет жауынгерлік тулар табыс етіледі.
Жауынгерлер қатаң сүзгіден өткен. Нәтижесінде әскери дайындығы жоғары сарбаздар ғана шеруге қатысу мүмкіндігіне ие болған. Оларды іріктеу психологиялық және саптық дайындық негізінде жүргізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанның әр өңірінен келген әскери қызметшілер база аумағындағы шатырларда тұруда. Әскери лагерьде тұрмысқа керектінің барлығы бар. Палаткалар, медициналық, тамақтану пункттері және жуыну орындары сарбаздар қажеттілігіне жарап тұр. Қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен де орналастырылған.
Жалпы Қазақстанда аса ауқымды шеру екінші мәрте өткізілуде. Биылғы ерекшелік заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы, авиацияны жауынгерлік тұрғыда қолдана отырып, барлау бөлімшелерінің шынайы тактикалық іс-қимылдарын көрсету болмақ. Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шараны ел тұрғындары республикалық телеарналардың тікелей эфирінен көре алады.

 

Мұратхан Әлімхан
Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support