- Advertisement -

Халықтың жайы қалтарыста қалмауы керек

137

- Advertisement -

Әлеуметпен әріптес, елмен етене болып кеткен «Нұр Отан» партиясы бүгінде еліміздегі көшбасшы партия ғана емес, қоғамды мақсат пен мүдде жолында бір арнаға тоғыстыра білген беделді құрылымға айналды. Дамудың дара жолына жетелеген түрлі бастамалар мен бағдарламалардың тиісінше жүзеге асырылуына үлкен үлес қосып отырған саяси ұйымның елді бағыттаушы, ұйымдастырушы айрықша күшке ие екендігі сөзсіз десек, бұл тұрғыда партияның облыстық филиалдарына да жүктелетін жауапкершілік мол.

«Нұр Отан» халықтық партия болған соң, қарапайым елдің мұң-мұқтажына барынша көңіл бөліп, оның оңынан шешілуіне ықпал етіп отырғаны ләзім. Бұл туралы облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов филиал аппаратының қызметкерлерімен кездесуінде баса айтты.
Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлармен таныстырып, орталық аппараттан бекітілген жобалардың жүзеге асырылу барысы жайында қысқаша тоқталды. Бүгіде партияның облыстық филиалының 69120 мүшесі болса, оның 56, 5 пайызы мемлекеттік мекемеде еңбек ететін қызметкерлер екен. Асқар Мырзахметов партияның халықтық сипатын артыра түсу керектігін тілге тиек етті.
– «Нұр Отан» – биліктің ғана емес, сондай-ақ халықтың және нақты істердің партиясы. Ендеше ұйымның облыстық филиалының жұмысы да сол бағытта өрбуі керек. Ол үшін тек жобалар бойынша атқарылған шаруалар емес, істің кемшін тұстары да нақты айтылып отырғаны жөн. Құрғақ статистика, жалпылама деректі бере бермей, олардың арғы жағында не тұрғанын ашайық. Әр тоқсан сайын партияның облысымыздағы аудандық филиалдары есептерін саралап, орындалмаған жұмыстар мен оның себептерін қарастырайық.
Биліктегі партия болған соң, «Нұр Отанға» үлкен үмітпен жүгінетіндер көп. Біз осы қабылдауларда айтылған арыз-шағымдарды сала бойынша талдаумен шектелемей, олардың мәселелерінің нақты шешілуіне атсалысып, бағыт-бағдар беріп, соңына дейін бақылауда ұстауға тырысуымыз керек. Мәселенің түп-төркініне жіті үңіліп, белгілі бір өтініш қандай себеппен түсті, бұл қандай орган жұмысының кемшілігі дегенді анықтап, соған сай халықтың мәселесін нақты шешудің тетіктерін іске асыру қажет. Сонда біріншіден, біз тек нақты істерді сөз ете отырып, уақытты үнемдейміз, екіншіден, партияның халыққа жақындығы мен тартымдылығы да артады, – деді А.Мырзахметов.
Облыс басшысы өңірдегі мәселелерді анықтауда қоғамдық қабылдаулармен шектелмей, түрлі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі сын-ескертпелерді назарға алып отырудың тиімділігін жеткізді. Филиалдың түрлі бағыттағы жұмыстарының нақты көрсеткіштері бойынша сауалдар жолдағанымен, көңіл көншітерлік жауап ала алмаған Асқар Исабекұлы филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев пен қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп, жұмысты жүйелеуді тапсырды.

Жанғазы Ахмет

Суретті түсірген
Ақәділ рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support