- Advertisement -

Достық әні шарықтасын көгімде…

198

- Advertisement -

Ынтымақ ырысқа бастайды десек, оған Қазақстан халқының бірлігі күні Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында өткен мерекелік шарада тағы бір көзіміз жете түсті. Өңірімізді мекен еткен түрлі ұлттардың ауызбіршілігі мен татулығы сахналық қойылымда көрініс тапты. Оны барша тараздықтармен бірге облыс әкімі Асқар Мырзахметов тамашалады. Киелі Әулиеата жерін мекен еткен әр этнос өкілдері өз ұлттық киімдерін киіп, ортаға шыққаны керемет сәт еді. Олардың алып бәйтерек ағашына тілектерін ілгені – мақсат-мүдденің бір арнаға тоғысқанының айқын белгісі. Осылайша баянды болашаққа деген сенім білдіргені әсерлі шығып, мерекенің маңызын аша түсті.
Шараның көрігін келтірген этномәдени бірлестіктің өнерлі өрендері өздерінің ұлттық әндерін әуелете шырқап, құлақ құрышын қандырса, бишілер өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мерекелік думан өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Мамырдың алғашқы күнінде сіркіреген жауын алаңға жиналғандарға тіпті тамаша көңіл-күй, әдемі әсер сыйлады.

«Аq jol-Ақпарат».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support