- Advertisement -

Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыда үздік фотографтарды марапаттады

174

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Нью-Йоркте өткен Халықаралық фотокөрмеде үздік фототуындылары көрсетілген кәсіби фотографтарға сертификат табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Республикалық спорт колледжінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы министрлікке қарасты өнер ошақтарының арасында футболдан жарыс өтіп жатыр. Аталған футбол мерекесі аясында «PHOTOfest.KZ» Халықаралық фотофестивалі аясында Нью-Йорк қаласында алғаш рет өткен «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» атты Халықаралық фотокөрмеде үздік фото туындылары көрсетілгені үшін кәсіби фотографтарға Арыстанбек Мұхамедиұлы сертификат табыстаған. «Ең үздік фотограф ретінде Асылхан Әбдірайымұлы, Мақсат Шағырбаев, Алтынбек Қартабаев, Сәрсенбек Қызайбекұлы, Ағаділ Рысмахан, Екпін Хасенжан, Самат Мырзалиев, Досжан Балабекұлы, Максим Рожин, Амангелді Мутигуллин, Серік Майемеров, Жеңіс Ысқабай танылды. Ал биыл фотофестиваль елорданың 20-жылдығын мерекелеу аясында Астанада өткелі отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін фотографтар шеруіне әлемнің ең үздік деген фото мамандары келуі тиіс», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен. Алматы қаласындағы министрлікке қарасты өнер ошақтарынан бірнеше команда футбол турниріне қатысты. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігі, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, комедия театры, Республикалық Неміс драма театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және тағы бірнеше командалар өзара бақ сынасты.

inform.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support