- Advertisement -

«Тәуелсіздік. Бірлік. Татулық»

179

- Advertisement -

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және 1 мамыр – Ынтымақ пен бірлік күні мерекесі қарсаңында облыс орталығында мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында «Тәуелсіздік. Бірлік. Татулық» атты республикалық патриоттық әндер байқауы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан келген күзет қызметкерлері қатысып, халық әні, қазіргі заман әндері бойынша сынға түсті.
Бағалаудың негізгі критерийлері ретінде репертуардың шығарма­шылық бағыты (тақырыбы), орындау шеберлігі, әртістік қабілеті мен стилі, сахналық киімі назарға алынды.
Байқау нәтижесінде жеке орындаушылар арасында І орынды жезқазғандық Ш.Ахметов, ІІ орынды қарағандылық Ж.Сарсембаев, ІІІ орынды шымкенттік С.Шегебаева иеленді. Ал «Топ әншілері» аталымы бойынша І орыннан жамбылдық «Сақшылар» хоры көрінсе, кейінгі орындарға Алматы облысының «Жетісу», Алматы қаласының «Күзет қырандары» тобы ие болды. Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен, бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.

Алмас Боранғазиев,
полиция майоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support