- Advertisement -

Жер сатылмайды және шетелдіктерге жалға берілмейді

78

- Advertisement -

Сенат осындай түзетулермен жер туралы заңды қабылдады

Парламент Жер тура­лы заң­ды қабылдады. Ал Пар­ла­ме­нт­тің екінші аты кім? Ха­лық! Сондықтан заң қа­был­данғанға дейін депутаттар ай­мақ­тарға сапармен барып, ха­лықтың пікірін тыңдады, ұсы­ныс­­­тарын жинақтады. Жерге қа­тысты ұлт патриоттары мен өз­ге де қоғамдық ұйым­дар­дың пікірлерін, ашық хаттарда, БАҚ-та және әлеуметтік же­лі­лерде айтылған ұсы­ныс­тар мен тілектерді ескеріп, не­гіз­ге ал­ды. Сенаттың тұрақты ко­митеттерінде тал­қыланып, олар­дың ұсыныстары ескерілді.

Осы­ның негізінде Жер туралы заң­ға біршама өзгерістер мен то­лықтырулар енгізіліп, жер еш­­қашан шетелдіктерге сатылмай­ты­ны, жал­ға берілмейтіні, ше­каралық жерлерде ешбір шет­ел­дік компаниялар жерге қа­тыс­­ты қыз­мет ете алмайтыны тай­ға таңба басқан­дай етіп нақ­ты­ланып жазылды.
Сенат депутаттары Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Жер туралы заң­ға байланысты баяндамасын тал­қы­лауға белсенді қатысты және пікірлерін айтты.
Өмірзақ Шөкеев Жер туралы заңға өзге­ріс­тер мен толық­ты­ру­ларды былай түсін­дір­ді:
Бірінші бағытта ауыл ша­руа­­­шылығы жер­лерін қ­азақ­стан­дықтарға жалға беру нормасын сақ­тау және жетілдіру мақ­са­тын­да жалға берудің жаңа әрі ар­найы тәртібі қарастырылып отыр.
Жер беру тәртібінің ашық­тығы мен айқындығын қам­та­масыз ету үшін конкурсқа қойы­ла­тын жерлер тізбесін бекіту, оны міндетті түрде қоғамдық ке­ңес­термен және үкіметтік емес ұйымдармен келісу, жер ко­­миссиясының құрамына 50 пай­ыздан кем емес қоғамдық ке­­ңестер мен ұйымдардың өкіл­де­рін енгізу қарастырылып отыр.
Сонымен бірге конкурстың жариялылығы мен оған барлық қа­ты­сушылардың тең қо­л­же­тім­­ділігін қамтамасыз ету мақ­са­тында жа­ңа тәртіп бойынша конкурс өткізілетіндігі ту­ра­лы ха­барландыру тек аудандық қа­на емес, басқа да бұқаралық ақ­парат құрал­да­рын­­да, Ауыл ша­­руа­шылығы министрлігі мен әкім­діктердің ресми интернет-ре­­сурс­та­рында орналастырыла­ды.
Ауыл шаруашылығы жер­ле­рін тиімді пайдалану және жал­­ға алушылардың жер пай­да­­лану жөніндегі қабылдаған мін­­дет­те­мелерінің орындалуын қадағалау мақ­са­тын­да жалға алу­дың алғашқы бес жылында әр жыл сайын, келесі кезеңдерде су­­армалы жер­лерде – әр үш жыл сайын, ал суарылмайтын жер­лерде әр бес жыл сайын мониторинг жүр­гізу белгіленіп отыр.
Екінші бағытта ауыл шаруа­шы­лығы жер­лерінің үлкен көлем­де «бір қолға» берілуін бол­­дырмау мақсатында заң жоба­сында әр облыстың әкім­ші­лік аудандарында ауыл шаруа­шы­лығы жерлерінің шектік мөл­ше­рін белгілеу көзделген.
Бір қолға берілетін жерлердің мөлшерін мәслихаттар мен әкім­діктердің бірлескен ұсынысымен Үкімет бекітеді.
Бұл шектік мөлшерді айқын­дау үшін тиісті есептеу әдіс­те­ме­сі әзірленді.
Үшінші бағытта – мем­ле­ке­ттік шекараның шека­ралық бел­деуінде орналасқан ауыл ша­руа­­шылығы алқаптары ешкімге беріл­мейді, тек жергілікті ха­лық­қа жайылым, шабындық ре­тінде ғана пайдалануға рұқсат еті­леді.
Шекаралық аумақта орна­лас­қан жер учаскелерін ше­тел­­діктерге немесе Қазақ­стан Рес­публикасының шетел­діктермен некеде тұрғ­ан азаматтарына неме­се құрамында шет­елдіктер бар Қазақстан Республикасының заң­­ды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл аумақта орна­ласқан ауыл шаруашылығы жер­лері тек қазақстандықтарға ғана жалға берілетін болады.
Төртінші бағытта – ауыл­дық жер­лерде жергілікті тұрғын­дар­дың жеке аула малына жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында заң жобасымен жер­гілікті халыққа аналық мал ба­сын ұстау үшін жайылым ал­қап­тарын айқындау туралы норма көзделуде.
Осы мақсатта айқындалған жайылымдар­ды жалға беруге тыйым салынатын болады.
Сонымен қатар бүгінгі күні ел­ді мекен­дер­дің маңындағы жай­ы­лымдардың көбі жеке жә­не заңды тұлғаларға беріліп кет­ке­нін ескеріп, ол жерлерді қай­та­ру, мемлекеттік мұқтажға жат­қы­зу заң жобасымен белгіленіп отыр.
Бесіншіден, осы заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді же­кеменшікке сату және шетел­дік­терге жал­ға беру туралы енгізілген мораторийдің шең­берін кеңейту қарастырылып отыр, онда 1 пайыз болса да шетелдік үлесі бар қазақ­стандық заңды тұлғаларға жер беріл­мей­тін болады.
Бұл ретте заң жобасы нор­маларының бар­лығы Жер комис­сиясы жұмысының қо­ры­­тын­дысы бойынша әзірленген және ауыл ша­руашылығы жерлерін тек қана қаз­ақ­­стандықтарға жал­ға беру институтын же­тілдіруді көз­дейді.
Бұл заң жобасымен Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері, «Жер ко­дексінің жеке­леген нормаларының қол­да­ны­сын және «Қазақстан Респуб­ликасының Жер ко­дек­­сіне өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» 2015 жыл­ғы 2 қарашадағы Қа­зақ­стан Республикасы заңының қол­данысқа ен­гі­зілуін тоқтата тұ­ру ту­ралы» және «Қо­ғам­­дық кеңес­тер туралы» заңдарға түзе­ту­лер ен­гізіледі.
Заң жобасының кейбір нор­ма­лары рес­пуб­­ликалық бюджет шығыстарының ұл­ғаю­ын көз­­дейді. Олардың барлығы рес­­пуб­­­­ли­калық бюджеттік ко­мис­сия­да қаралып, қол­дау тапты.
Болжамды шығыстар жер­гі­лікті атқару­шы органдардың ұсы­ныстарына қарай және олар мемлекеттік мұқтаж үшін алы­­натын жағ­дайда ғана есептер әр жер учаскесіне жеке­ше анық­та­лып, нақтыланатын болады.
Заң жобасы ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақ­са­тындағы жерлерді жал­ға берудің айқын те­тіктерін белгілей отырып, олардың тиімді пайдаланылуына бағытталған.
Қаралып отырған жаңа нормалар жергілікті атқарушы ор­ган­­дар қызметінің жариялы бо­луы­на ықпал етеді, сондай-ақ жер­лерді беру жүйелерін ақпа­рат­­тандыруға және қоғамдық пікір­­дің кеңінен ескерілуін көз­дейді.
Қазіргі кезде Үкімет жер қа­ты­настары сала­сындағы заң­на­­ма­ларды жетілдіру жұ­мыс­тарын одан әрі жалғастыруда.
Ө.Шөкеевке Сенат депутат­тары О.Пере­пе­чина мен С.Еңсе­ге­нов сұрақ қойып, кей­бір түйт­кілді мәселелерді анық­та­ды және Аграрлық мәселелер, та­биғатты пайдалану және ауыл­дық аумақтарды дамыту ко­ми­тетінің хатшысы Рашит Әкі­мов қосымша баяндама жасап, былай деді:
– Жер мәселесіне қазіргі уа­қыт­та қо­ғам айрықша көңіл бө­ліп, халық ерекше алаңдап отыр­ға­ны шындық. Сондықтан да жерге қатысты заңнамалардың қа­шан­да жұ­рт­шылықтың зор ықы­л­­асын туғызып, қо­ғам­да да қы­зу талқыға түсуі заң­ды­лық. Бұл заң жобасы бойын­ша түрлі пі­кір­лердің де, сын-ескер­тпе­лер­дің де, ұсы­ныс­тар­дың да сан алу­ан­­ды­ғын қалыпты жағдай деп санау керек.
…Жер реформасы жөніндегі комис­сия­ның жер қатынастарын реттеуге қатысты әзір­­леген бір­шама ұсыныстары бүгінгі қа­ра­­лып отырған заң жобасында еске­ріліп отыр. Осы орайда Жер реформасына қа­тыс­­ты ке­ле­­сі маңызды өзгертулер мен то­лық­­­ты­ру­ларды атап көрсетуге болады:
– мораторийда белгіленген бұ­рынғы шектеулерден басқа, та­ғы да қосымша ретінде, шекара ма­ңы аумақтарында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге және құрамында шетелдіктердің үлесі бар қазақстандық заңды тұл­ғаларға беруге тыйым салатын нормалар қарастырылды;
– шетелдік азаматтармен некелескен қазақстандық азамат­тар­ға дәл осындай шектеу­лер бел­­гіленіп отыр;
– бұдан басқа қазақстан­дық­тар­ға уақытша пайдалануға бері­ле­тін ауыл шаруа­шы­лығы жер­лерінің шекті көлемін белгілеу;
– ауылдық жерлердегі халық­тың малын жай­ылымдармен қам­­тамасыз ету;
– ауыл тұрғындарын жеке тұр­ғын үй құ­рылысы үшін жер учас­келерімен де қам­та­масыз ету­ге бағытталған нормалар қа­рас­­­ты­рылған.
Әрине, қаралып отырған заң жобасы жер қатынастары сала­сын­дағы бұрыннан қор­даланып қал­ған барлық мәселелерді бір­­ден шешіп тастайды деп ойламаймыз. Де­ген­мен осы заң жобасы мораторийде бе­л­­гіленген «өтпелі кезеңдегі» мәселелерді ше­­шуге толықтай мүмкіндік береді десек қа­те­леспейміз.
Ендігі арада Үкімет алдын­да осы «өтпелі кезең» деп отыр­ған уақыт аралығында ауыл ша­­руашылығы жерлеріне қа­тыс­ты мәсе­ле­лерді саяси-эко­но­микалық және әлеу­мет­тік тұр­ғыдан сараптап, жан-жақ­ты зе­р­­­делеу міндеттері тұр. Ке­ле­шек­­те осы мәсе­ле­ге байланысты та­ғы да нақтылы ұсы­ныс­тар­дың болары да анық.
Заңды талқылау барысында сенатор Т.Мұқашев мынандай пікір білдірді:
– Жерсіз ұлттық мүдде құн­ды­лықтары қалып­таспайды, қа­лып­тасқан да емес. Қа­зақ­тың бар­лық мәселелері, әлеуметтік мә­­­с­е­лелерді шешудегі қасиет­те­­рі ел мен жер тағ­дыры төңі­ре­гінде өрбіген.
Заң жобасы Сенатқа, әсіресе Ха­лық­аралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік коми­те­тінің қарауына келіп түскен сә­тінен бастап бірнеше рет саралаудан өтті. Жұмыс топтарының және комитеттің отырыстарында қаралып, егжей-тегжейлі зерделенді. Жұмыс барысында заң жобасының жекелеген нормаларына қатысты бірқатар сауалдар қойылып, әзірлеуші тараптан жауаптар да ұсынылды. Дегенмен де бірнеше мәселе әзірлеушілердің назарынан тыс қалды.
Мәселен, қазіргі уақытта тұ­рып жатқан ауыл тұрғындары жер учаскелерін рәсімдеу үшін көп­теген кедергілерге тап болады. Әсіресе, бұл мәселе шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына өте қиын. Сондықтан біздің пай­ымдауымызша, ауыл әкімі жер учаскелерін жекеменшікке не­месе оны пайдалануға беру фун­­кцияларын өз мойнына алуы тиіс. Осылайша ауыл тұр­ғын­дары үшін әкімшілік кеде­р­гілер азаяды.
Тағы да бір мәселе, жер учас­кесін ұсыну­дың шекті нормасын ұлғайту қажет. Бұл әсі­ре­се ауыл­ды елді мекендерде өзекті мә­селе. Се­бебі баршамызға ауыл­дың жағдайы мә­лім, ауыл тұр­ғынының күнкөрісі жермен бай­ланысты. Өзінің жер учас­ке­сіне үйімен қоса қорасын да, са­райын да, моншасын да тұрғ­ызуы қажет. Сонымен қатар ауылдық жер­лерде иесіз, шөп басқан бос жерлер де баршылық. Қаңырап, арам-шөппен шыр­­ма­лып жатқанның орнына өңделіп, ауыл тұр­ғыны мен оның отбасы­на пайда әкел­ге­ні абзал. Осы үшін ұсынылатын жер учас­­ке­сінің шекті мөлшерін ұлғай­ту­ды жөн кө­ре­­міз.
Бүкіл қоғамды толғандырып отырған жер мәселесіне қатысты се­на­тор М.Бақтиярұлы да өз пі­кірін ортаға салып, ұсыныс­та­рын айтты.
– Ғасырлар бойы отарлау сая­сатының зардабын тартқан қа­зақ халқы шетелдіктерге жер­ді жалға беруді қабылдай бер­мейтініне кө­зіміз анық жеткен­дей болды. Осы бір кө­ңіл ауаны ескеріліп, жерді сауда мен сая­сат­тың құралына айнал­дыр­мауымыз керек. Жер тағ­ды­рына халық алаңдап отыр. Жер халықтың ортақ байлығы, ол жеке­ше­ленбейді, сатылмауы керек деген ой-пікір­лер бұ­рын да, қазір де айтылып ке­ле­ді. Біз осыны ескеруіміз керек. Сон­дықтан да бо­ла­шақ­та жер­ді пай­даланудың осы кез­ге дей­ін қол­­данып келе жатқан жалға бе­ру тү­рін ғана негіз етіп алуымыз дұрыс бола­ды деп есеп­тей­мін. Осы жалға беру инс­ти­т­у­ты­­ның тетіктерін жетіл­д­і­руіміз қажет, – деді ол.
Сондай-ақ осы мәселе бой­ын­­ша сөз алған сенатор М.Жұ­ма­ғазиев әріптестерінің пі­кірін түйіндегендей болды.
Ол: Ата заңымыздың 2-ба­бын­­да: «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­­сының егемендігі оның бү­кіл аумағын қам­тиды. Мемлекет өз аума­ғы­­­­ның тұтастығын, қол сұ­­ғы­л­­­мауын және бө­лін­беуін қам­­­­тамасыз етеді» – деп атап көр­­­­сетілген. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Жер кодексінің негіз­гі принципі де соны көз­дей­ді.
Әрине, жер қатынастары жө­нін­дегі мә­селе бүгінгі күн өл­ше­мі­мен шешіле сал­май­ды. Ал­да­ғы уақытта бұл құжатты әлі де жетілдіру қажет деп ойлаймыз.
«Келісіп пішкен тон келте бол­мас» дегендей, әріптестерім заң жобасын талқылауға белсене қа­тысты, ашық пікірлерін ортаға сал­ды. Сөйтіп ел үшін тиімді, жер үшін түйінді, баянды бола­ша­ғымызға кепіл болатын ортақ шешімге келдік» деді.
Қайталап айтар болсақ, жер ешқашан шетел­діктерге сатылмайтыны, жалға беріл­мей­тіні, шекаралық жерлерде ешбір шетелдік ком­паниялар жерге қатысты қызмет ете алмайтыны тайға таңба басқандай етіп нақтыланып жазылды.
Сөйтіп өздеріңіз байқап отыр­­ғандай, де­путаттар жер ту­­ралы заңның халыққа, ұлт­қа, мемлекетке тиімді болуын ба­рын­ша зер­делеп, жерді шет­елдіктердің иеленуіне не­ме­се қан­дай да бір қолсұғушылыққа еш­қандай жол бермейтін түзе­тулермен қабылдады.
Ендігі мәселе осы заңның ел игілігі үшін қыз­мет етуі.

Әділбек ҚАБА.

(«Egemen Qazaqstan»,
24 сәуір, 2018 жыл).

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support