- Advertisement -

Көне шаһарда құрылыс жұмыстары қызып тұр

79

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Әуелі аймақ басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңадан бой көтеріп келе жатқан 15-шағын аудандағы құрылыс алаңдарында болды.
Өткен жылдың қараша айында басталған құрылыс жұмыстары бүгінде ерекше қарқын алған. Жаңа шағын аудан аумағында 800 пәтерлі 10 тұрғын үй салынуда. Жалпы құны 6,1 миллиард теңгеге бағаланған тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.
Қазіргі таңда мұнда 750-800-ге жуық құрылысшы еңбек етуде. Өңір басшысы өз кезегінде мердігерлерді құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқынын төмендетпей, тұрғын үйлерді межелі уақытта пайдалануға беруге күш салуға шақырды. Жергілікті билік орындарына құрылыстың сапалы болуын жіті назарда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатын коммерциялық мақсатта пайдалану қажеттігін жеткізді.
Айта кету керек, биыл аймақта барлық қаржыландыру көздері есебінен 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1000-ға жуық жамбылдықтың баспана мәселесі өз шешімін табатын болады.
Асқар Исабекұлы, сондай-ақ бұрынғы «Шахристан» базарының орнында болып, аталған аумақта қолға алынған этнотарихи кешен салу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдағы уақытта осы аумақта көне Тараз қаласының тарихи келбет-айшығын қалыптастыру, айқындау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, мұнда сән-салтанаты жарасқан «Шахристан» этнотарихи кешенімен бірге «Салтанат сарайы», «Неке сарайы», «Өлкетану» мұражайы, көркемсурет галереясы, қолөнер шеберханасы сынды ғимараттар бой көтеретін болады.
Облыс әкімі Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақтағы «Балқарағай» кешеніне де барып, ондағы қайта жаңғырту жұмыстарының жай-күйін көрді. Таяу арада кешен қала тұрғындары қарбалас тіршіліктен қолы босағанда тыныстап, демалатын орынға айналмақ.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support