- Advertisement -

Желаяқтар жарысы

117

- Advertisement -

Жақсылық Мамырбекұлы жасы 65-ке келсе де жеңіл атлетикалық марафондардан сырт қалған емес. 42 шақырым қашықтықты құрайтын сындарда топқа түсіп жүрген ол таяуда Алматыдағы халықаралық додада бақ сынап қайтты.
Жалпыхалықтық сипатқа ие аламанға әлемнің 13 елінен ресми түрде 14 мың адам қатысты. Жарысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөзбен ашып берсе, зілтемірші Майя Манеза, жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин додаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жақсылық Мамырбекұлы аталмыш аламанға жалғыз барған жоқ. Жәкеңнің немересі, №29 Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушысы Бақтияр Жақсылық 3 шақырым қашықтықта топқа түсіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді. Мыңдаған азамат жарысқан додада үздіктердің қатарынан көріну – әрине, мықтылықтың белгісі. Ал 42 шақырымдық қашық­тықты еш қиналмай еңсерген Жақсылық Мамырбекұлы өзі құралпылас азамат­тардың алды болды.
«Жасыл ел-Тараз» мекемесінде еңбек ететін қарт спортшы жеңіл атлетиканы жанындай сүйеді. «Үйдегі немерелерімнің барлығы осы спорт түрімен шұғылданады. Денсаулығымыздың жақсы болуы өзімізге байланысты. Ол үшін біз жастарға үлгі болуымыз керек. Үлкендер жағы осыны ескерсе екен», – дейді ол өз ойымен бөлісіп.

Ардагер халықаралық аламанда бақ сынады

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support