- Advertisement -

Ұлыбритания хоккейшілерін ойсырата ұтты 6:1

103

- Advertisement -

Хоккейден бірінші дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақстан құрама командасы екінші кездесуде Ұлыбритания командасын 6:1 есебімен ойсырата ұтып, өздерінің шын мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеді.
Қос команда арасындағы ойын аса тартысты басталды. Кездесудің үшінші минутында Ұлыбритания құрамасының ойыншысы Люк Феррера қанжығасын майлап есеп ашса, 15-минутта Дмитрий Гренц мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді.
Тартысты өткен ойынның екінші кезеңінде қазақстандық хоккейшілер қарсыластарынан бір бас жоғары екендіктерін аңғартты. 33-минутта Антон Сагадеев еншісіне бір шайба жазып, есепті 2:1-ге жеткізсе, 35-минутта Роман Старченко мүмкіндігін мүлт жібермей, құрамамыздың басымдығын нығырлай түсті.
Үшінші жиырма минуттықта ұлттық құраманың оғландары тағы үш шайба соқты. Ойынның 42-минутында Роман Старченко дубль авторы атанса, араға төрт минут салып Никита Михайлис есепті 5:1-ге жеткізді. Ал кездесудің 47-минутында Әлихан Әсетов ақтық нәтижені тіркеді. Қорытынды есеп – 6:1. Қазақстан құрамасының пайдасында.

Бет қатталып жатқанда:
Өкінішке қарай, хоккейші жігіттеріміз Италия жігіттеріне 0:3 есебімен есе жіберді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support