- Advertisement -

Кек алу үшін адам өлтірген жамбылдық жігіт ұзақ жылға сотталды

192

- Advertisement -

Жамбыл облысында жаппай төбелес кезінде адам өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Нұрзат Тілеубеков енді 17 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі тиіс. Сондай-ақ, бұған дейін аса құпия сақталған атышулы іске қатысы бар тағы бес адам да жазасыз қалмады. 

Өткен күзден бері құпия сақталған қылмыстық істің жай-жапсары бүгін ғана айтылды. Белгілі болғанындай, Қаракемер ауылының тұрғынын жаппай төбелесте құмтиындық Нұрзат Тілеубеков атып өлтірген.

30 жастағы марқұмның денесіне 30 жерден бытыра тиіпті. Қансыраған ол оқиға орнында жан тапсырған.

Адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тілеубековтің қылмысы толық дәлелденіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Және онымен бірге болған тағы бес жігіт те жазасын алды.

Бұл төбелеске жалпы саны елуге жуық адам қатысқан. Оқиға орнында бір адам қаза тапса, 9 жігіт жарақат алыпты.

Былтыр күзде болған қанды оқиғаның негізгі нұсқасы да енді айтылуда. Яғни қарудан қаза тапқан жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын қызды ренжітіп алған. Сол үшін ауылдың бір топ жігіті оны өлімші етіп сабап кетіпті. Кейін таяқ жеген азамат 40-қа жуық адамды ертіп кек алуға барғанСол сәтте қарудан оқ атылады.

Бірақ айыпталушылар өздерін кінәлі сезінбейтін тәрізді. Айтуларынша, олар ауыл қызының намысын қорғаған.

Айта кетейік, марқұмның артында жары мен үш перзенті қалды. Балалардың ең кенжесі — жеті айлық. Жәбірленуші тарап сот үкімімен толық келісіп отыр. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмейді. Ал сотталушылардың бұл тұрғыда қандай әрекет жасайтыны әзірге белгісіз.

Дереккөз: baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support