- Advertisement -

Талай талант тың тұсауын кескен владимир

139

- Advertisement -

ТарМПУ жанынан құрылған «Жібек жолы» оркестрінің құрылғанына – 20 жыл, оркестрдің жетекшісі, музыка майталманы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Владимир Максименконың 70 жасқа толуына орай облыстық қазақ драма театрында шығармашылық кеш өткізілді.
Ұзақ жылдар бойы талмай тер төгіп, «Жібек жолы» оркестрін аяққа тік тұрғызған Владимир Максименко Бейбіт Сейдуалиева, Әсел Уашева секілді көптеген эстрада жұлдыздарына тәлім берген. 1998 жылы Елбасының алдында оркестрдің тұсауын кескен кеш иесін алғаш ТарМПУ ректоры Дария Қожамжарова мерейтойымен құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі, сый-сияпат жасады. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз алып, көптеген өнер аламандарында аты озған Владимир Максименконы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің атынан құттықтап, аймақ басшысының Алғыс хатын тапсырды, иығына зерлі шапан жапты.
Әсем әндермен әдіптелген кеш барысында «Жібек жолы» эстрадалық оркестрінің сүйемелдеуімен Фариза Досболова «Отырардағы той» әнін нақышына келтіре шырқаса, облыстық филармонияның әншісі Жанатбек Кәдіров «Дудар-ай» әнін орындады. Сондай-ақ «Тараз» триосы да сахнаға көтеріліп, өнерлерін ортаға салды. Өздерін білім нәрімен сусындатқан Владимир Максименкоға алғыстарын айтты. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support