- Advertisement -

Кооперативтің қарқынды дамуы қуантады

142

- Advertisement -

Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат және Дихан ауылдарының 29 азаматы бірігіп құрған «Ақсай-2016» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қарқынды дамып келеді. Ауданда сүт бағытындағы жұмыстарды ілгерілетуді көздеген ауыл азаматтары алғашында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан алынған 102 миллион теңге несиеге 446 бас сауынды сиыр сатып алыпты.
– Қазіргі таңда кооператив құрамында 131 адам бар. Негізі, сүт бағытында құрылған едік. Ал өткен жылдың желтоқсан айында ет бағытында жұмыс істеуді көздеп, несиеге қол жеткіздік. 51 адам ет, 81 адам сүт бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Былтырғы жылы аудандағы «Бурное сыр зауыты» және «Мешелов» жеке кәсіпкеріне 422 тонна сүт өткіздік. Қазір сиырлар туып жатқандықтан, сүттің мөлшері аз. Келесі айдан бастап көбейтеміз.
Бүгінгі күні ет комбинаттарына кооперативте өндірілген өнімді өткізу қиындау болып жатқан көрінеді. Көршілес Оңтүстік Қазақстан облысындағы ет комбинаттарына апару өте тиімсіз. Өйткені олардың өз шарттары бар. Дегенмен атқарушы билік мұндағы біраз мәселенің оң шешімін табуына жәрдемдесіпті. Мәселен, субсидияны бізге ыңғайлы етіп беруде. Сүттің әр литріне 1 теңгеден төленеді. Дегенмен ет бағытындағы кооперативтерге субсидия берілмейді. Алдағы дүйсенбі күні ауданымыздағы кәсіпкерлер палатасының филиалында семинар өтпек. Сонда біраз нәрсе айтылып, кәсіпкерлерге қолдау болады деген сенім мол, – дейді кооператив төрағасы Н.Әбзелбеков.

Есен САҒЫНАЙҰЛЫ

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support