- Advertisement -

Сақтық шараларын қатаң бақылауға алды

116

- Advertisement -

Облыста жоспардан тыс тексерілуі тиіс жоғары қатер тобындағы 36 сауда орны мен жекеменшік 102 білім мекемесі есепке алынған. Бүгінде соның ішінде сауда нысандарының 22-сі және 4 жеке кәсіпкерлік, 4 білім ошағына тексеру жүргізілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Талғат Сабиров айтып берді.
– Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, жоғары қатер тобындағы сауда нысандарының өртке қарсы жағдайына тексеру жұмыстары басталды. Оған аумақтық кәсіпкерлер палатасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысуда. Тексеріс кезінде 285 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталса, білім беру нысандарында осындай 53 жағдай тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 19 сауда орнына жалпы сомасы 436 мың 675 теңге, 4 білім беру ұйымына 192 мың 400 теңге айыппұл салынды. Басшыларға анықталған бұзушылықтарды екі айға дейін жою туралы ұйғарымдар берілді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды машықтау бойынша 369 адамның қатысуымен 22 нұсқаулық өткізілді, – деді Т. Сабиров.
Өңірде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесіз емес. Соның дәлелі ретінде облыс орталығындағы алюкобондпен қапталған бірнеше ғимараттың сыртқы қасбеті жөнделіп, отқа төзімді материалдармен ауыстырылғанын айтсақ та болады. Брифингке қатысқан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев және облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мекемесі басшысының орынбасары Мансур Шайкрамов аймақта атқарылған өртке қарсы дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support