- Advertisement -

Шулық шенеунік 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген

142

- Advertisement -

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Жамбыл облысында субсидиялардың заңсыз бөлінуін анықтады.

Департамент өкілдерінің айтуынша, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Сейдахметов жанар-жағармайлар үшін 160 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны заңсыз бөлген.

Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында «Бектібай», «Бектібай-1», «Самат» және «Еркін» шаруа қожалықтарына берілген. Тексерулер кезінде субсидияларды Сейдахметовтің жақын туыстары: ағасы, жеңгесі, әйелі және баласы алғаны анықталды.

Департамент С. Сейдахметовті жұмысынан босатты. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support