- Advertisement -

Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды

101

- Advertisement -

Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты пара алды деген айыппен ұсталған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам істері комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты үкім шығарды.

Сотта дәлелденгендей, 15.12.2016 жылы комитет төрағасының орынбасары Б.Мусин және «Ассар KZ» ЖШС директоры арасында тауарды мемлекеттік сатып алу туралы жалпы сомасы 4 900 000 теңгенің келісімі жасалады. Б.Мусин Н.Колпаковтан шын мәнінде жеткізілмеген тауарды қабылдағаны туралы құжатқа қол қойғаны үшін 1 000 000 теңге көлемінде пара алады.

Бұдан басқа, Б.Мусин Е.Кульшариевтан 400 000 теңге көлемінде пара алады. Ол «Кульшариев Е.» ЖК-ның жоспарланған сатып алуларда жеңіске жетуін және 2017 жылы сәуірде өткізілетін семинарларды ұйымдастыру шараларына қатысуын қамтамасыз ететін болып келіседі.

Сонымен, №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Б.Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қылмыстық-түзеу жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, ол бұдан бұлай жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі елу пайыздан асатын мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу және лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойға айырылды.

Дереккөз: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support