- Advertisement -

Тал кесетіндерді қашанғы күтеміз?

116

- Advertisement -

Тараз қаласының әкімдігіне биылғы жылдың басында Опытный көшесінің тұрғындары осы көше бойында өсіп тұрған тал-дарақтар суарылмайтындықтан қурап, құлап, электр желілеріне зақым келтіретіні, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретіні туралы өтініш бергенбіз.
Көп ұзамай өтінішке жауап алдық. Онда: «Сіздің Тараз қаласы әкімінің атына жолдаған өтінішіңіз, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-мен бірлесе жергілікті орнына шығып қарастырылады.
Опытный көшесі №23 үйден бастап №41 үй аралығындағы, көше бойындағы тал-ағаштарын кесу мәселесі бойынша комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп, акт жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша 47 түп талдың қураған бұталарын санитарлық кесуге рұқсат берілгенін хабарлаймыз» делінген. Бөлім басшысының орынбасары Қ.Демидбаев қол қойған жауапқа қоса акт көшірмесін де жолдапты.
Міне, көктемнің екінші айы сәуір де ортасына келді. Өтініш әлі күнге орындалған жоқ. Сонда кім-кімді алдап жүр?

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support