- Advertisement -

Қордайда қордаланған мәселе көп

130

- Advertisement -

Қордай ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және кәсіпкерлермен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мен агро саланы дамытудың мүмкіндіктерін саралады.

Бүгінде Қордай ауданында 6637 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ 6052 жеке шаруа қожалық бар. Диқандар 131,4 мың гектар егіс алқабын игеруге күш салуда. Бұл орайда, басымдық қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға беріліп отыр. Өткен жылы аудан бойынша 1059 гектар алқапқа егілген қант қызылшасының әр гектарынан 274,7 центнерден өнім алынған. Жергілікті дихандар биыл да балтамырды баптау ісіне білек сыбана кірісуге әзір.
Тек саладағы бірқатар мәселелердің шешімі табылса болғаны. Өйткені дихандардың дені өткен жылы Меркі қант зауытына өткерген өнімі үшін төлемақыға әлі қол жеткізе алмай жүр. Сондай-ақ бірқатар шаруалар егіс алқаптарына қажетті тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Түйіні тарқатылмай тұрған түйткілдер кәсіпкерлік саласында да жетерлік. Оның ішінде ең өзектісі – ауданда қаржылық ұйымдардың филиалдарын ашу мәселесі әлі күнге шешімін таппаған. Соның салдарынан кәсібін өркендетуге ниетті кәсіпкерлер облыс орталығына сабылуға мәжбүр. Жекелеген кәсіпорындарда мемлекеттің қаржылай көмегіне мұқтаждары да бар.
Қордайлық шаруалар мен кәсіпкерлердің талап-тілегін мұқият тыңдаған өңір басшысы аудан әкімі мен салалық басқармалар, мүдделі мекемелер басшыларына аталмыш мәселелерді уақыт оздырмай шешуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support