- Advertisement -

Шағын футбол шеберлері сынға түсті

110

- Advertisement -

Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында банк саласының қызметкері болған, футболшы Темірлан Арзымбетовті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті. Жарысқа 25 команда қатысып, дода көрігін қыздырып бақты.
Жеребе тарту рәсімінен кейін командалар шын мықтыны анықтауға ынта-шынтасымен кірісіп кетті. Бірқатар ойындарда командалардың бір-біріне терезесі тең екендігі аңғарылса, кейбір кездесулерде шын мықтылар қарсыластарын ірі есеппен ойсырата ұтып, жеңіске жетуге ұмтылды.
Жарыс қорытындысында ойын соңынан кейінгі пенальтиден «Альтаис» командасын 2:1 есебімен ұтқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұжымы топ жарса, «Альтаис» командасына екінші орын бұйырды. Жуалы және Байзақ аудандарының командалары үшінші орын үшін өткен ойында жеңімпазды анықтай алмай, тағы футбол «лотереясына» арқа сүйеді. Нәтижесінде байзақтықтар 2:1 есебімен басымдық танытып, үздік үштіктен көрінсе, жуалылықтарға төртінші орын бұйырды. Сонымен қатар жарыс соңында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша тамаша ойын өрнегін көрсете білген футболшылар анықталып, марапатталды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support