- Advertisement -

«Мен қазақпын» мегажобасының екінші кезеңі басталады

124

- Advertisement -

«Қазақстан» РТРК»  АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Мен қазақпын»  атты xалықаралық жобаның екінші маусымын бастайтынын жариялады.

«Мен қазақпын»  xалықаралық мегажобасы биыл да жалғасатын болады. Алдымен сәуір-мамыр айларында аудандарда іріктеулер өтеді. Одан кейін облыстық іріктеулер ұйымдастырылады. Байқаудың биылғы ауқымы да кең. Өткен жылы Қытай, Моңғолия мен Ресейде өтті. Биыл да солай болады. Ағымдағы жылы Қырғызстанда өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол жақтағы бауырларымызды да тартамыз. Сосын өткен жылы Ресейдің Қосағаш жерінде ұйымдастырылса, биыл Астраxанда өткізейік деп отырмыз. Осылайша, жылдан жылға қалың қазақ мекендеген сырттағы мекендерді тартып, сол жақтағы қандастарымызды үлкен саxнаға шығаратын боламыз» , — деді Е.Қарин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, биыл байқаудың белгісі да өзгерген. Жобаның шетелде өтетінін ескеріп, белгіні латын әрпімен жазу ұйғарылған. «Өткен жылы Қытайға, Моңғолияға барғанда әріптестеріміз кириллицамен әріптерді оқи алмай, біраз қиналған болатын. Латын қарпіне көшкенімізге біз де қуанып отырмыз. Соның арқасында жобамыз кеңінен танылады» , — деп атап көрсетті Е.Қарин.

«Мен қазақпын» мегажобасының гала-концертін дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні — 16 желтоқсанда ұйымдастыру жоспарланған. Сол кезде байқаудың жеңімпаздары да анықталады.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support