- Advertisement -

Жас өнертапқыштар жарысы

197

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жас өнертапқыштар арасында тұңғыш байқау өтті. Шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Айта кету керек, өткен жылдан бастап аталған оқу ордасында «Мехатроника» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлануда және бұл білім бағдарламасы Люблин политехникалық университетімен (Польша) бірлескен жоба.
Еліміздегі орта және жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті, сонымен қатар робототехника мен мехатроника саласын жетілдіруді мақсат еткен шараға 30 жоба ұсынылған. Ал байқау қорытындысына сәйкес, стационарлы роботтар номинациясында Аңсар Нұрымбет, Тимур Ракников, Дэвид Лян және Александра Викалова, Рустам Ибрагимов жүлдеге қол жеткізсе, ұтқырлықты және автономды роботтар аталымы бойынша Қасымхан Тәжібай мен Владимир Васильев, Ракмир Хайров пен Темирлан Семитов, сондай-ақ Адель Крахмалеваның бағы жанды. Үшінші, яғни мамандандырылған роботтар жобасын ұсынғандар арасында Әділхан Сейфуллин, Азат Қажымұқан, Азамат Акбар, Жәнібек Егембердиев жүлделерді өзара бөлісті.
Қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Әділ Қыпшақбай робот-манипулятор атты жобасы арқылы жеңімпаз атанып, «Мехатроника» мамандығы бойынша университет ректорының грантына ие болды.

Есен Өтеулиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support