- Advertisement -

Денсаулыққа салғырт қарамайық

142

- Advertisement -

«Бірінші байлық – денсаулық» деп тегіннен-тегін айтылмаған. Бұл орайда әр адам өз денсаулығына дұрыс мән беріп, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн. Өйткені адам капиталының сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты екені сөзсіз. Яғни дені сау ұлт қана өміршең мемлекет құра алады.
Осы ретте елімізде халық денсаулығын жақсартуға барынша көңіл бөлініп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, республикада соңғы 20 жылда мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында заманауи емдеу орталықтары көптеп ашылды. Соған қарамастан, түрлі ауруға шалдыққандар саны жылдан-жылға өсе түсуде. Қазақ халқында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін нақыл бар. Сондықтан күнделікті спортпен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтанып, дәрігерге дер кезінде қаралсақ, мұндай мәселелер туындамасы анық.

А. МЫҚТЫБАЕВА,
облыстық қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің бас маманы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support