- Advertisement -

Тұлпарлықтар таңдай қақтырды

150

- Advertisement -

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында №13 Тараз темір жол колледжі облыстың арнаулы орта білім беретін мекемелерінде оқып жүрген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» деген тақырыпта байқау өткізді.

Байқауға №13 Тараз темір жол колледжінен «Тұлпар», «Тараз-Парасат» колледжінен «Бәйтерек», №10 Шу және №9 Меркі колледждерінен «Достық», Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінен «Талас қырандары», Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен «Болашақ», №1 Тараз сервис және технология колледжінен «Ақ көгершін» командалары қатысты.
Іс-шараны ашқан №13 Тараз темір жол колледжінің директоры Нұржан Нұралиев өз сөзінде:
– Елімізді мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, тату-тәтті, жарасымды тіршілік кешіп келеді. «Жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір» түрлі ұлттардың мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік. Олар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Олардың мемлекеттік тілге деген құрметтері де ерекше. Тек біздің колледжіміздің өзінде 200-ге жуық өзге ұлт өкілі білім алуда. Олардың ішінде өзбек, татар, кәріс, дүнген, орыс, украин, түрік, әзірбайжан сынды ұлттар бар. Оқу орнымызда оларға мемлекеттік тілді үйрету үшін үйірмелер мен факультатив сабақтары ұйымдастырылған, – деді.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде бірінші орынды «Тұлпар», екінші орынды «Бәйтерек», үшінші орынды «Болашақ» командасы иеленді.

Гүлсая МҰРАТАЛИЕВА,
№13 Тараз темір жол колледжі
директорының орынбасары

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support