- Advertisement -

«Ерекше» балалардың ізденісі

132

- Advertisement -

Аутизм дерті жасөспірім балаларда кездеседі. Оның туа пайда болатын да, жүре байқалатын да түрлері бар. Аурудың 30 пайызы қан арқылы тарайды екен. Мамандардың айтуынша, мұндай санаттағы бала­лардың іс-әрекеті ерекше байқалады.
Бүкіләлемдік аутизм күніне орай облыс әкімдігі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі және ата-аналардың бірлескен қоғамының ұйымдастыруымен балалардың көркемсурет және шығармашылық көрмесі өтті. Оған 80-ге жуық еңбек қойылған. Көрмеге жиналған көпшіліктің алдында облыс әкімінің мүгедектермен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Руслан Төлегенов көрмеге қатысқан балалардың ізденісін жоғары бағалады. Мұнан соң консультант-психиатр Асыл Жылқайдарова сөз сөйлеп, мұндай санаттағы балаларды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында білгеніміздей, ата-аналар Рашида Каримова мен Нұргүл Үсен бірлесіп, «Мен ерекшемін» атты орталық ашыпты. Қазір мұнда аутизм белгісі бар 14 бала тәрбиеленеді. 4 маман тұрақты жұмыспен қамтылған. Дәрігер, психолог мамандар жеткілікті.
– Аутизм белгісі бұрын 10 мың баланың біреуінде кездессе, қазір 100 баланың бірінде ұшырасады. Соңғы жылдары көбейіп барады. Облыс бойынша мұндай санаттағы балалар саны – 78. Тараз қаласында 25 баланы құрайды. Бұл топтағы балалардың ешкімге зияны жоқ. Бірақ қалыпты жағдайдағы балалардай емес. Көбінесе, үй жағдайында оқытылады. Аутизмнің көбеюінің бір салдары – ата-ананың салғырттығында, дәрігерлік тексерулерге кеш келетіндігінде. Алдағы уақытта да ата-аналармен бірлесіп, мұндай санаттағы жеткіншектермен жұмысты жалғастырамыз, – дейді облыстық кеңес меңгерушісі Айгүл Медетбекова.

Е.Жаңабайұлы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support