- Advertisement -

Міндеттердің атқарылуы мінсіз бе?

172

- Advertisement -

Осыдан үш жыл бұрын Елбасының бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары қабылданғаны мәлім. Халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруді, мемлекеттік қызметті кәсібилендіруді, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруды көздеген құжат аясында өңірде атқарылған жұмыстар жетерлік. Облыс басшысының төрағалығымен жиында аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысы қаралды.

Әуелі Ұлт жоспарының алғашқы бағыты – «Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың» нақты қадамдарының қалай орындалып жатқаны талқыланды. Бүгінде осы бағыттағы көзделген 15 қадамның 12-сі облысымызда толықтай жүзеге асырылған. Бұған соңғы 2 жыл ішінде 1000-ға жуық азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдануы – соның бір көрсеткіші. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру мақсатында өңірімізде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылып, біліктілікті жетілдіру курстарын жүргізуді бастады.
Қазіргі кезде «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бағытында жүргізілген жұмыстар да нәтижесін беруде. Есепті кезеңде өңірде жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның құрамында 1281 тәртіп сақшысы қызмет етуде.
Ұлт жоспары шеңберінде мүлікті жария ету жұмыстары қолға алынып, өңірде жалпы құны 47,6 миллион теңге болатын 9974 мүлік тіркеуге алынды. Жамбылдықтардың жеке иелігіндегі 17,6 миллион теңге қаражат та заңдастырылды. Жыл басынан бастап тұрғындарының саны 2000-нан асатын 114 ауылға дербес бюджет енгізіліп, ол қаржы елді мекендегі жұртшылықтың ортақ игілігі үшін мақсатты игерілуде.
Өңірде реформаның өзегі саналатын адами капиталды дамыту жұмыстары да өз деңгейінде жүзеге асып келеді. Былтырдан бастап орта мектептер жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшуде. Сонымен бірге облыстағы 7 білім ошағына Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибелері енгізілді. Алдағы уақытта оны қосымша тағы 7 білім мекемесіне тарату жоспарланып отыр.
Дамуға бастаған «100 нақты қадам» денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету ісіне де серпін берді.
Жиын соңында облыс әкімі салалық басқарма және мемлекеттік мекемелердің басшыларын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support