- Advertisement -

Ер есімі – ел есінде

165

- Advertisement -

Тараздағы 2011 жылғы 12 қарашадағы М.Қариев жасаған аты шулы терракты кезінде полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлік танытып, өзінің өмірімен жауап беруінің арқасында ғана нүкте қойылды. Мұны халық біледі. Білген соң да батырдың туған күнін жадыларынан шығармай, жыл сайын асқан құрметпен еске алады. Биыл да солай болды.

Ғ.Байтасов тірі болғанда 3 сәуірде 47 жасқа толар еді. Халық Қаһарманының туған күніне орай ІІД алдындағы Даңқ алаңындағы батырдың бюсті маңында еске алу митингісі ұйымдастырылды. Оған облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен батырдың отбасы қатысты. Жиналғандар Ғ.Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.
ІІД бастығы полиция генерал-майоры Тлеген Маткенов, ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымының төрағасы, запастағы полиция полковнигі Өрнекбай Смаилов халық жадында өшпейтін ерлікті тағы бір еске салып өтті. Батырдың жары Гүлжамал Тәжиева ерін ұмытпай ардақтап отырған еліне алғысын білдірді. Соңынан митингіге қатысушылар ІІД-ның мұражайында болып, ондағы Ғазиз Байтасовқа арналған бұрышпен танысты.

Шынар САҒИЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support