- Advertisement -

«Ментальды арифметика – ескі өнер»

140

- Advertisement -

Асқар Жұмаділдаев, академик

– Математика ғылымы – теңіз. Ментальды арифметика сол теңіздің бір тамшысы ғана. Мұны игерген адам сандарды тез көбейтуді біледі. Одан өзге артықшылығы жоқ. Бір есепті біреу – 5 секундта, екіншісі 1 минутта шығаруы мүмкін. Бар болғаны осы.
Дәлірек айтсақ, ментальды арифметика бұрын болған өнер. Бұдан жүз жыл бұрын ешқандай компьютер, калькулятор болмаған кезде жапондар мен қытайлардың ойлап тапқан өнері. Онда екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтеді. Сіз оны бір минутта көбейтесіз, ол отыз секунд. Ал не болыпты? Оны калькулятормен есептей салған оңай емес пе? Ментальды арифметика деп жүргендерінің 15 деңгейі бар екен, соны он жыл бойы оқиды. Ал мұғалімдерінің жалақысы 50 мың теңгеден басталады. Ебін тапсаң, көбейтіп аласың. Пирамида сияқты. Үстіндегісі ұтады, қалғаны ұтылады. Мұны үйрету үшін математик болудың қажеті жоқ. Екі-үш рет көрсең, өзің де үйреніп аласың. Адам да ақымақ емес қой. «Әй, мен он жыл оқығанда, осыдан не ұттым?» деп ойлауы керек қой. Үш таңбалы санды үш таңбалы санға тез көбейттің. Оның не керегі бар?

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support