- Advertisement -

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды

144

- Advertisement -

Жамбыл облысын прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«29 наурызда Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.  Д.Әбдіхалық 1,2 миллион теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті. Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support