- Advertisement -

Бір өтінішпен бәрі шешіледі

103

- Advertisement -

Қазақстанда көп балалы аналар, мүгедектер мен зейнеткерлердің мемлекеттік қызмет алу процедуралары оңтайландырылып, жеңілдей түседі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мәселен, кез келген азамат оқыс жағдайға тап болып, мүгедектік күйге түсіп қалса, ол жалпы 4 мемлекеттік қызметті ала алады. Бұған дейін мемлекет тарапынан арба, тыңдау аппараты қажет болса, ол өтініш жазып, бұл қажеттіліктеріне өтінішті кезең-кезең бойынша тапсырып ала алатын. Ал қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жаңа механизм жасалған. Оған сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінен барлық қажетті ақпараттар түсіп тұратын болса, онда қажеттілігі бар адамға жәрдемақы немесе қажетті құрылғы автоматты түрде тағайындалады.
– Зейнетақы төлемін тағайындауға байланысты мемлекеттік қызметті үйлесімді түрде көрсету көзделген. Бүгінгі таңда зейнетақы тағайындалған кезде бір айдан кейін зейнеткер қайтадан мемлекеттік корпорацияға барып, базалық төлем бойынша мемлекеттік кепілдікке қатысты өтініш жазуы керек. Ал осыдан бастап бұл процедураның барлығы бір өтініш арқылы жүзеге асырылатын болады, – деді ведомство басшысы.
Абылайхан Оспановтың сөзіне сенсек, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» бойынша жәрдемақы тағайындау процедурасын да оңтайландыру көзделген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support