- Advertisement -

Журналистика сардарына құрмет

137

- Advertisement -

Жамбыл журналистикасының ақсақалы, «Aq jol» газетін (бұрынғы «Еңбек туы») 1965-1985 жылдары басқарған Баттал Жаңабаевтың 90 жасқа толуына орай облыс көлемінде түрлі іс-шаралар өтуде.

Ардагер қаламгердің мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен ізгі лебіз-тілектер келіп түсуде. Облыс журналистикасының құрметті ақсақалын құттықтаушылардың ішінде елімізге белгілі азаматтар да бар.
Күні кеше 1999-2004 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Әулиеатаға арнайы атбасын бұрып, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Серік Әбікенұлымен Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, облыс бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген де құттықтап барды.
Б.Жаңабаевтың шаңырағына арнайы барған С.Үмбетов мерейтой иесіне шапан жауып, құрмет білдірді.
– Бүгін Баттал Жаңабайұлын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтау мақсатында Наурыз мерекесі қарсаңында арнайы келіп отырмын. Өзім Жамбыл облысында 5 жылдан аса уақыт облыс әкімі қызметін атқарған едім. Сол уақытта осы Баттал ағамыз секілді ақсақалдардың ақыл-кеңесімен, жол көрсетуімен жұмыс істедік. Қариялардың қолдау-демеулерінің арқасында еңбегіміз жемісті, табысты болды, – деген депутат мерейтой иесінің отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ халық қалаулысы ардагер журналиске өзінің «Көз ілмейтін көңіл» атты кітабын тарту етті.
Өз кезегінде облыс журналистикасының сардары мерейтойын естен шығармай, ескеріп, ақ тілегін арқалай келген С.Үмбетовке алғысын білдіріп, батасын берді. «Қуыс үйден құр шықпа» деген бар. Ағаңның кішігірім көңілін қабыл ал» деп, өзінің «Сөз құдіреті», «Адам өмірі бір күндей ғана» атты кітаптарын сыйға тартты.

Мұратхан Әлімхан

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support