- Advertisement -

Бірлігімізді нығайтуға негіз болған мереке

92

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы – ежелден жаңару мен жасампаздықтың, жақсылық пен жарастықтың, ырыс пен берекенің арқауы, шаттық пен шапағаттың, қайырымдылық пен ізгіліктің бастауы.
Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн».
Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін халықтық мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюына негіз болды. Бүгінде ұлттың бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігін, келісімін нығайтқан көп ұлтты Қазақстан барлық ұлттармен, ұлыстармен тату өмір сүруде.
«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында көрсетілгендей, халқымыздың қасиетті құндылығы тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз. Партия «Ұлы Дала қазынасы» партиялық бағыты бойынша ұлттық дәстүр мен төл мәдениетті дәріптеуге және жас ұрпақты рухани тәрбиелеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп, ауқымды істер атқарып келеді.
Құрметті жерлестер!
Ұлыстың ұлы күні баршаңызға берекесі мен бірлігін, елімізге ырысы мен ынтымағын, тыныштығы мен жақсылығын әкелсін! Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын!

«Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалының Саяси кеңесі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support