- Advertisement -

Наурыз келді дегенше…

161

- Advertisement -

Наурыз келді дегенше, шуақ келді десеңші,
Адамзатқа шуағы ұнап келді десеңші.
Бес бастама көтеріп, ел тірлігін ойлаған,
Елбасының Үндеуі қуат берді десеңші.

Наурыз келді дегенше, көктем келді десеңші,
Бәйшешекке толтырды бөктерлерді десеңші.
Ауыл, қала тазарып, айнала да құлпырар,
Жарылқайын деп жұртты еппен келді десеңші.

Наурыз келді дегенше, келді дейін ырыс-құт,
Бере гөр деп тілейін ел-жұртыма тыныштық.
Бірлігіміз бір болып, барлығымен ұғыстық,
Бауырымызға басқанбыз, кім келсе де туыс қып.

Келді Наурыз ерекше, салтанаты жарасып,
Ұлт мейрамы қашанда маңдайы ашық, бағы ашық.
Құндылығын сақтаған, мәртебесін түсірмей,
«Мәңгілік Ел» барады, биіктерден әрі асып.

Зеберкүл ШАРДАРБЕКОВА

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support