- Advertisement -

Таразда велоспортшылар додасы басталды

148

- Advertisement -

Тараз қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Аталған доданы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстанның Велосипед түрлері спорт федерациясы және облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.
Чемпионаттың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз сөйлеп, спортшылар мен жиналған көпшілікті облыс әкімінің атынан Наурыз мерекесімен құттықтады. Ол еліміздегі және өңіріміздегі спорт саласының жетістіктерін айта келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейін Велосипед түрлері спорт федерациясының бас хатшысы Тұлпар Мансұров велошабандоздарға жылы лебізін арнады.
Басқосуда өңірдің велоспорт саласына еңбек сіңірген бірқатар ардагерлерді облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков марапаттады. Сондай-ақ ерлер және әйелдер арасында жүзден жүйрік шыққан алғашқы жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді. Атап айтқанда, 25 шақырымдық жарыс жолында ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Степан Астафьев алтыннан алқа тағынса, тараздық Дінмұхамед Ұлысбаев күміс жүлдеге қол жеткізді. Алматы облысының спортшысы Юрий Натаров үздік үштікті түйіндеді. 20 шақырымдық бәйгеде әйелдер арасында астаналық Марина Курносова мәре сызығын алғаш боп кесіп, чемпион атанды. Қызылордалық Жания Сейтова күміс, Алматы облысының спортшысы Фаина Потапова қола жүлдені олжалады.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support