Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өткен турнирде жеңімпаз атанды
Теннисші Михаил Кукушкин америкалық Ирвингте «Челленнджер» бәсекесін жеңіп алды
Финалда Кукушкин италиялық Матео Берритиниге қарсы шығып, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Теннисшілердің ойыны 1 сағат 44 минутқа жалғасты. Жерлесіміз финалға дейін төрт америкалық теннисшіні жеңді.
Еске сала кетсек, Ирвингтегі сыйақы құны – 150 мың доллар. Сайыс 2012 жылдан бері өтіп келеді. Былтыр Кукушкин Ирвингте финалға дейін жеткен.
Дереккөз:baq.kz
Comments are closed.