- Advertisement -

Көтерме-тарату орындары құрылады

139

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында аймақта көтерме-тарату орталықтарын құру мәселесі талқыланды.

Негізінен олар Ауыл шаруашылығы министрлігінің көтерме-тарату орталықтарын дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған картасы негізінде құрылмақ. Жергілікті тауар өндірушілерге пайдалы ілкімді іс бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуетті инвесторлардың мониторингін зерделеген еді. Нәтижесінде орталықта азық-түлік тауарларын өндіру ісінде жетекші саналатын Байзақ, Жуалы, Қордай аудандарында ашу мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетіпті. Сондай-ақ тұтыну көлемін ескере отырып, көтерме-тарату орталығын Тараз қаласында да құруға болатыны ескерілген.
Жалпы, бұл құрылатын орталық ішкі сауда айналымының талаптарына сай жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, оларға лайықты жағдай жасаумен айналысуы тиіс. Мәселен, дәл осы құрылым арқылы тауар өндірушілер сауда орындары мен қоймаларды жалға алуда 24 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның ішінде сауда нысандарының 80 пайызы өндірілген тауарларды саудалау үшін беріледі деп күтілуде.
Өңір тұрғындарының негізгі азық-түлік өнімдеріне сұранысының көлемі 1,7 миллион тоннаны құрайды. Оның 70 пайызын жергілікті тауар өндірушілердің өнімі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бірқатар тауар түрлерінің 1,2 миллион тоннаға артық өндірілетіндігі белгілі болды. Мұнан бөлек тауарлардың кей түріне 169,5 мың тонна көлемінде тапшылық сезілген.
Жиында әлеуметтің әлеуетін көтеретін мәселені жан-жақты қараған облыс әкімі жауапты салалық басқармаларға наурыз айының соңына дейін көтерме-тарату орталықтарын құру мүмкіндіктерін зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ әр ауданның өндірістік көрсеткіштерін саралап, қоймалар мен терминалдарға арналған орындармен қамтамасыз ету жайына да баса назар аудару қажеттігін сөз етті. Бұйыртса осы тапсырмалар дер кезінде орындалып, іс алға басса, аймақта көп ұзамай көтерме-тарату орындары өз жұмысын бастайтын болады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support