- Advertisement -

Жаңғырудың жаңа белесі

154

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне 2025 жылы көшетініміз айтылған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ғалымдарымыз талмай тер төкті. Нәтижесінде өткен жылдың 26 қазанында әліпбиімізді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Президент Жарлығы шыққаны мәлім.
Жалпы, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жобасы қоғамда жан-жақты талқыланды, зерделенді. Сан саланың мамандары бұл реформадан тысқары қалған жоқ. Сол салмақты ойлардың ескерілуі нәтижесінде Елбасы өткен жылы газет беттерінде жарияланған Жарлыққа өзгерістер енгізіп отыр. Бұл, әлбетте, құптарлық іс.
Жарияланған жаңа әліпби нұсқасы көпшіліктің көңілінен шыққаны талас тудырмайды. Онда бірден байқалатыны – бұрынғыдай апострофтардың жоқтығы. Мұның өзі көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшіліктің пікірін назарға алғанын аңғартса керек. Қазақстан халқы осы әліпби нұсқасын жөн көретініне ешкімнің күмән жоқ.
Көп тілегіне сай жаңа өзгерістермен толыққан латын графикасына негізделген әліпби нұсқасы барлық жастағы азаматтардың жазуына өте ыңғайлы. Әлем елдерінің басым бөлігі бұрынырақта көшкен, ғылым мен инновацияның өзегіне айналған латын графикасына еліміздің бет бұруы – болашақ ұрпақ үшін жасалған оң қадам. Бұны жаңғыру дәуірінің жаңа белесі деп қабылдаған жөн. Сондықтан осы бір игілікті істі барша қазақстандықтар қолдайды, қуаттайды.

Жанат ТҰРЛЫҒҰЛОВА,
облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support