- Advertisement -

Жеңімпаздар үлкен додаға жолдама алды

235

- Advertisement -

Облыс әкімдігі білім басқарма­сының ұйымдастыруымен мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықта балалар арасында дәстүрлі 51-өнер байқауы өтті.
Дода басталмас бұрын республика­лық ән байқауларының жеңімпаздары, М.Глинка атындағы музыка мектебінің түлектері Айя Ғаббасова, Екатерина Ким, Әділет Тұраров қатысушыларды онлайн-байланыс арқылы құттықтап, Астана мен Алматы қалаларынан сәлем жолдады. Мұның өзі жас талапкерлерге серпіліс бергені анық. Кейін былтырғы байқаудың жеңімпазы Мирза Мирзаев көпшілікке шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Өнерлілер сайысының қорытындысы бойынша талантты балалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Алегро» скрипкашылар ансамблі (жетекшісі Елена Лыкова) жеңімпаз деп танылды, Байзақ ауданындағы К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің Жанна Жолшиева жетекшілік ететін скрипкашылар ансамблі және өзге ұжымдар жүлделі орындардан көрінді.
Жеке орындаушылар сынында орта топта байзақтық Ерасыл Хамиди жеңімпаз атанса, осы ауданның өкілі Камилла Абдуллаева екінші орынды иеленді. Қордайлық Ақбөпе Ахметбек үздік үштікті түйіндеді. Ал кіші топта Меркі ауданы №2 саз мектебінің өнерпазы Ерзат Болат бірінші орын алды. «Үрмелі аспаптар» аталымы бойынша байзақтық Алуа Серік пен Дилара Үсіпәлиева жүлдегерлер қатарын толықтырды.
Осы байқаудың жеңімпаздары қараша айында Қарағанды қаласында өтетін республикалық «Жас музыканттар» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

Е. Жаңабайұлы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support